Таеквондо

Таразда Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

Таразда Қазақстан таеквондо федерациясының (WT) тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтіп жатыр.

Балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өтіп жатқан дәстүрлі аламанда еліміздің он өңірінен 375 таеквондошы бақ сынауда.

Екі күнге созылатын дода осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.

Бексейіт Түлкиев 1991 жылы Қазақстан таеквондо федерациясының құрылуына атсалысып, өзі алғашқы президенті атанды, қара дан иесі (V дан).

Басқа жаңалықтар

Back to top button