Шетел жаңалықтары

«Голден Стэйт Уорриорз» NBA жеңімпазы атанды

«Голден Стэйт Уорриорз» баскетболшылары плей-оффтың финалдық сериясының алтыншы матчында «Бостонды» жеңді.

Осылайша команда АҚШ Ұлттық баскетбол қауымдастығының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Бостондағы кездесу 103:90 (27:22, 27:17, 22:27, 27:24) есебімен қонақтар пайдасына шешілді. Ең нәтижелі ойын көрсеткендер – «Голден Стэйт» қорғаушысы Стефен Карри мен «Бостон» шабуылшысы Джейлен Браун. Екеуінде де 34 ұпайдан бар.

«Голден Стэйт» ҰБҚ жеңімпазы атағын осымен жетінші рет иеленіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button