Басты

Әлем чемпионаты: зілтеміршілеріміздің еншісінде 4 алтын, 1 күміс және 2 қола бар

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Мексиканың Леон қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатын сәтті аяқтады.

102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Никита Абдрахманов қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (157+191) келіні еңсеріп, Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды, деп жазады drs_kz.

Алтын медаль – Никита Абдрахманов – 348 (157+191) кг
Күміс медаль – Кудратбек Салимжонов – 327 (156+171) кг
Қола медаль – Баки Китмет – 295 (132+163) кг.

Осылайша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі.
Алтын – Ерасыл Сәулебеков (67 кг)
Алтын – Едіге Емберді (73 кг)
Алтын – Денис Полубояринов (81 кг)
Алтын – Никита Абдрахманов (102 кг)
Күміс – Надежда Ли (64 кг)
Қола – Александра Беленко (40 кг)
Қола – Ерасыл Омаров (55 кг).

Басқа жаңалықтар

Back to top button