Теннис

Теннисшілердің рейтингі шықты

Отандық теннисшілер жаңартылған әлемдік рейтингіде өз көрсеткіштерін жақсартты.

Ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 39-орында тұр. Алғашқы 40-тың қатарында жалғыз Бублик бар. Ал Михаил Кукушкин 160-ыншы, Тимофей Скатов 225-інші, Денис Евсеев 347-сатыға көтерілді.  Дмитрий Попко 198, Бейбіт Жукаев 489-ға сырғыды. Жұптық сында Андрей Голубев 39-ыншы, Александр Недовесов 60-ыншы, Григорий Ломакин 231-орында келеді.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 21-інші, Юлия Путинцева 33-орнын сақтап қалса, Зарина Дияс 200 теннисшінің соңында тұр. Жұптық сында Анна Данилина 22-інші, Жібек Құламбаева 273-сатыға жайғасса, Гөзал Айнитдинова 427-ден 434-ке төмендеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button