Басты

Қазақстан Президенті қазақстандық шахматшы қыздарды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті.

Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер – Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен оның вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов шақырылды.

Мемлекет басшысы танымал шахматшы қыздарға ілтипат білдіре отырып, бұл ойынға ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның әйелдер құрамасы алдағы уақытта Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында табысты өнер көрсететініне сенім білдірді.

Президент мектепті «Алтын белгімен» бітірген Бибісара Асаубаеваға табыс тілеп, Гүлісхан Нақбаеваны өткен туған күнімен құттықтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button