Хоккей

«Теміртау» хоккей клубы таратыла ма? Жеңіс Қасымбек жауап берді

 Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Теміртау» хоккей клубы қызметін жалғастыратынын айтты.

«Біріншіден, хоккей клубтарының ойыншылар алдында ешқандай қарызы жоқ. Қаржы тек мемлекеттік келісімнің аясында белгіленген лимитпен бөлінеді. Бұл тәртіп барлық әкімдік үшін бірдей. Мен бұл сұрақтың астарын түсініп тұрмын. Желіде «Теміртау» хоккей клубы биыл өз қызметін тоқтатуы мүмкін деген ақпарат тарады. «Теміртау» хоккей клубы өз қызметін одан әрі жалғастыратынын ресми түрде мәлімдеймін. Хоккей клубы теміртаулықтардың сүйікті командасы. Сондықтан команда одан әрі ойнай береді», – деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.

Одан бөлек, өңір басшысы хоккей клубтарына қосымша қаржы бөлінбейтінін мәлімдеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button