БастыТеннис

Әлемнің бірінші ракеткасы Даниил Медведев елордаға келеді

Әлемнің бірінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев Astana Open ATP 250 турниріне қатысатынын мәлім етті.

Биылғы дода елордада 18-25 қыркүйек аралығында өтеді.

Д.Медведев – 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының, 2020 жылғы ATP қорытынды жарысының жеңімпазы. Сондай-ақ ол үш рет «Үлкен дулыға» турнирлерінің финалына дейін жетті.

«Даниил Медведевтің биыл үшінші рет өткелі отырған Astana Open додасына келетініне қуаныштымыз. Қазақстанда Рафаэль Надаль, Новак Джокович, Жо-Вильфрид Тсонга сынды әлемнің үздік теннисшілерінің өнер көрсетуі игі дәстүрге айналып келеді. Даниил өзінің спорттағы жолын біздің елімізде бастаған. Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың ойыншымен қарым-қатынасы жақсы, бұл оны осы жарысқа шақыруға мүмкіндік берді. Енді әлемнің бірінші ракеткасы елордадағы Ұлттық теннис орталығында өнер көрсетер күн де жақын», деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский. «Мен Astana Open турниріне қатысатыныма қуаныштымын. Мұнда маған дейін де атақты ойыншылар келген екен. Доданы асыға күтемін», деді  Медведев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button