Басқа спорт түрлері

Қазақстандық альпинист Брайтхорн шыңын бағындырды

Ең үлкен әйелдер командасының әлемдік рекордын орнатуға 25 елден 80 әйел қатысты.

17 маусымда Швейцариядағы Зерматт биік таулы курортының жанында «100% Women World Record» әлемдік әйелдер командасы Брайтхорн шыңына көтерілді, деп хабарлайды drs_kz.

Ең үлкен әйелдер командасының әлемдік рекордын орнатуға 25 елден 80 әйел қатысты. Таудың биіктігі – 4164 метр.

Еліміздің атынан елші ретінде қатысқан Ада Молгачева аталмыш команданың құрамында шыңға көтерілген алғашқы қазақстандық әйел альпинист атанды.

Алматы альпинизм федерациясы президиумының мүшесі, қалалық альпинизм мектебінің аға әдіскер-нұсқаушысы Ада Молгачева осы іс-шараның 11 амбассадорының бірі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button