Таеквондо

Рита Бакишева таэквондодан Азия чемпионатында жүлдеге ілікті

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таэквондодан XXV Азия чемпионаты басталды. Доданың алғашқы күні Қазақстан құрамасының еншісіне медаль түсті.

Әйелдер арасында 46 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Рита Бакишева қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ отандасымызбен бірге жапон Карен Осима да үздік үштікті түйіндеді. Бұл салмақта жергілікті атлет Кан Ми Ру жеңіске жетсе, тай спортшысы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Джуланан Хантикуланон күміс медальге ие болды.

Айта кетейік, құрлық бәсекесі 27 маусымда аяқталады. Қазір жарыс қожайындары 2 алтын, бір күміспен көш бастап тұр. Ал бір алтын, бір күміс бар Өзбекстан 2-орында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button