Теннис

 Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Сербиядағы Прокупле ITF W25 турнирінің финалына өтті.

Ол үндістандық әріптесі Пратхан Тхомбаремен бірге жартылай финалда румыниялық Илоне-Георгиана Гиорайе – италиялық Ангелина Морателлимен кездесті. Бұл ойын екі сетте аяқталды. Қорытынды есеп –  6:1, 6:4.

Енді олар финалда испаниялық Лейре Ромеро-Гормаз – хорватиялық Тара Вюртпен жолығады.

Тағы бір қазақстандық Гөзал Айнитдинова үндістандық Зил Десаимен бірге жұптық сында Үндістанда жартылай финалда жапониялықтар Момоко Робори – Мисаки Мацудадан ұтылып қалды – 2:6, 4:6.

Басқа жаңалықтар

Back to top button