Теннис

Жібек Құламбаева Сербияда топ жарды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева үндістандық Пратхан Тхомбаремен бірге Сербиядағы турнирдің жұптық турнирдің жеңімпазы атанды.

Сербияда Прокупле ITF W25 турнирі өткен. Отандасымыз Тхомбаремен бірге финалда  испаниялық Лейре Ромеро – хорватиялық Тара Вюртпен ойнауы керек еді. Алайда Тара жарақат алып, кортқа шықпағандықтан, жеңіс қазақстандық-үндістандық жұпқа берілді.

Осылайша, Жібек Құламбаева биылғы маусымда ITF додаларындағы үшінші, барлығы 17-інші титулына қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button