Теннис

Александр Недовесов Уимблдонды сәтті бастады

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам Курешимен бірге бастапқы кездесуін аустралиялық Джеймс Дакворт – америкалық Маркос Хиронмен өткізді. Қазақстандық-пәкістандық жұп қарсыластарынан 6:3, 6:7 (10:12), 6:1, 6:2 есебімен басым түсті. Олар үшінші айналымға шығу үшін бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге алғашқы айналымда испаниялық Педро Мартинес Портеро – австралиялық Джон-Патрик Смитке есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды – 3:6, 6:7 (1:7), 4:6.

Басқа жаңалықтар

Back to top button