Теннис

2022 жылғы Президент кубогына кімдер қатысады

17-24 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Президент Кубогы» аясында Ұлттық теннис орталығының жазғы хард корттарында ATP Challenger Tour және ITF Women's World Tennis Tour сериясының халықаралық турнирлері өтеді.

Биыл «Президент кубогында» Қазақстанның намысын еліміздің ұлттық және жастар құрамаларының мүшелері: Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Тимофей Скатов, Бейбіт Жукаев, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенко, Гозаль Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағандықова, Сандуғаш Кенжибаева және басқалар қорғайды.

Осы жылдың жарысына қыздар арасында жақсы құрама жинақталған, олардың арасында: Грузияның бірінші ракеткасы Екатерина Горгодзе (114 WTA нөмірі), 2020 жылғы жұптық сындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бразилиялық Лаура Пигосси (124-ші WTA), Чех теннисінің өсіп келе жатқан жұлдызы Линда Фрухвиртова (176-шы WTA), былтырғы «Президент Кубогының» чемпионы Грузин Мариам Болквадзе (WTA-дағы 185-ші) және басқалар бар.

Еліміздің беделді жарыстарының бірі әрқашан жоғары мәртебеге ие болған. Бір жылдары бұл жарыста әлемдік үздік рейтингтің теннисшілері: Даниил Медведев (ATP №1), Андрей Рублев (ATP №8), Карен Хачанов (ATP №22), Миомир Кецманович (ATP № 30), Себастьян Корда (ATP № 46), Макс Перселл және басқа да көптеген танымал ойыншылар өнер көрсетті.

Әр жылдары «Президент кубогын»: қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиндық Илья Марченко, австриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шаттлер, Австралия ашық чемпионатының және «Ролан Гаррос» чемпионы хорват Иван Додиг, жұптық сында «Үлкен Дулыға» турнирінің екі дүркін жеңімпазы қытайлық Чжан Шуай және тағы басқалар жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button