Теннис

Елена Рыбакина Уимблдонда US Open чемпионын ұтты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 56-ракеткасы, 2019 жылғы US Open чемпионы, канадалық Бьянка Андреескумен кездесті. Елена бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте матчболын сәтті пайдалана білді – 7:6 (7:5). Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық теннисші 4 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 52-ракеткасы, қытайлық Синвэнь Женмен кезедеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button