Шетел жаңалықтары

Хабиб ресми түрде Даңқ залына енді

Аралас жекпе-жек шебері ресейлік Хабиб Нурмагомедов UFC-дің Лас-Вегаста (АҚШ) өткен салтанатта UFC Даңқ залына ресми түрде енгізілді.

Бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы және Eagle FC промоушенінің президенті Хабиб UFC Даңқ залына 2022 жылдың наурызында, UFC 272 турнирін өткізу кезінде қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, 33 жастағы Хабиб өзінің мансабындағы соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың қазан айында өткізді. UFC 254 турнирі аясында ол екінші раундта американдық Джастин Гэтжиді жеңді.

Осы айқастан соң спортшы мансабының аяқталғаны туралы хабарлады. Оның есебінде 29 аралас жекпе-жектегі 29 жеңіс, оның ішінде UFC шеңберіндегі 13 жекпе-жектегі 13 жеңіс бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button