Теннис

Садуғаш Кенжебаева Уимблдон жарысын жеңіспен бастады

Қазақстандық Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

18 жасқа дейінгілер арасында әлемнің 92-ракеткасы Сандуғаш алғашқы айналымда ITF Juniors рейтингісінде 447-орында тұрған ұлыбританиялық Руби Куллингпен шеберлік байқасты. Екі сағаттан астам уақытқа созылған аса тартысты матчта Сандуғаш 6:7 (5:7), 6:3, 10:7 есебімен жеңіске жетті. Ертең, 1 шілде күні Кенжебаева іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 85-ракеткасы, нидерландылық Исис ван ден Брейкпен кортқа шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button