Баскетбол

Әлем кубогы: қазақстандық баскетболшылар Иран құрамасын ұтты

2023 жылғы Әлем кубогының іріктеу додасы аясында баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы елордада Иран құрамасын қабылдап, 68:60 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Тегеранда өткен қос команда арасындағы ойында Олег Киселев шәкірттері сенсация жасап, 73:69 есебімен жеңісті жұлып алған. Бұл жолы да біздің баскетболшылар әлемде 10-шы, Азияда 2-ші саналатын ирандықтарды тізе бүктірді. Есеп – 68:60.

Дегенмен ойын оңай болған жоқ. Иран сапында 218 сантиметрлік алып, әйгілі Хамед Хаддади ойнады. Ал бізде керісінше, Энтони Клеменс пен Александр Жигулин алаңға шыққан жоқ. Кездесу соңына дейін тартысты өтіп, тек соңғы кезеңде ғана Қазақстан құрамасы үстемдігін дәлелдей алды.

Енді бас бапкер Олег Киселев бастаған Қазақстан ұлттық құрамасы 4 шілдеде Бахрейн баскетболшыларын қабылдайды. Ойын елордамыздың «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Басталуы – сағат 20:00.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогінің Азиялық іріктеу кезеңінде «D» тобына Сирия, Бахрейн және Иран құрамаларымен түскен. Әзірге барлық кездесуде жеңіп келе жатырмыз.

Ал Әлем кубогігің өзі 2023 жылы 25 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Жапония, Индонезия және Филиппинде өтеді.

Әлем кубогының іріктеу кезеңі:
26.11.2026 – Қазақстан vs Сирия – 84:74
29.11.2021 – Сирия vs Қазақстан – 71:81
24.02.2022 – Иран vs Қазақстан – 69:73
27.02.2022 – Бахрейн vs Қазақстан – 48:95
01.07.2022 – Қазақстан vs Иран – 68:60
04.07.2022 – Қазақстан vs Бахрейн

Басқа жаңалықтар

Back to top button