Басты

«Ордабасы» екінші орынға көтерілді

Шымкенттің "Ордабасы" премьер-лиганың 15-турында өз алаңында Ақтаудың "Каспий" клубымен кездесті.

Бұл ойында Александр Седнев шәкірттері 4:1 есебімен қарсыласынан басым түсті. Сөйтіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Көшбасында 27 ұпаймен «Астана» келе жатыр. Одан кейін «Ордабасы» мен «Ақтөбеде» 26 ұпайдан бар. Бірақ «Ақтөбенің» бір матчы кем.

«Ордабасы» – «Каспий» – 4:1

Голдар: Всеволод Садовский 19, Элхан Астанов 31, Муроджон Халматов 80, 87 – Руан Телеш 77 (пенальти)

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (Қ) – Никита Шершнёв (Әділхан Добай 50), Сағадат Тұрсынбай, Карам Султанов, Одилбек Абдумажитов, Самат Шәмші (К) (Нұрәлі Мамырбаев, 90) – Александр Батищев, Виктор Брага (Батырхан Тәжібаев, 90), Секу Думбия (Муроджон Халматов, 71), Эльхан Астанов – Всеволод Садовский (Луис Гедеш, 90);

«Каспий»: Ристо Янков (Қ) – Ерлан Қадырбаев (Еркебұлан Нұрғалиев, 64), Виктор Дмитренко, Артём Барановский, Әлішер Сүлей (Мадияр Бекешов, 86) – Тарас Бондаренко (К), Никола Цуцкич, Павел Киреенко, Аслан Әділ (Алмас Арменов, 84) – Рати Ардазишвили, Руан Телеш;

Төрешілер: Кучин Артем (Қарағанды), Быстров Дмитрий, Филатов Иван (екеуі де  – Саран).

Басқа жаңалықтар

Back to top button