Футбол

Елордадағы орталық стадионды жарамсыз деп тану үшін пара алған

ТЖД қызметкері елордадағы стадионды жарамсыз деп тану үшін пара алды деген күдікке ілінді.

Елордадағы орталық стадионды жарамсыз деп тану үшін Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы пара алды деген күдікпен тергеу басталды.

«Антикоррупциялық қызметі Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», – делінген Агенттік таратқан ақпаратта.

Тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button