Басты

Тарихта тұңғыш рет: Рыбакина Уимблдонның финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесті. Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет ойнап, соның екеуінде Халеп жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Рыбакина бірінші партияны қарқынды бастап, 3:0 есебімен алға шықты. Осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Елена екінші сетте де 2:0 есебімен алға кеткенімен, Симона сол бойда таразы басын теңестіріп үлгерді – 2:2. Дегенмен, қазақстандық спортшы қайта брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3.

Елена Рыбакина Ұлыбритания ашық чемпионатының финалында әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен бас жүлдені сарапқа салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button