Футбол

«Тобыл» Чемпиондар лигасымен қоштасты

УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың "Тобыл" клубы Венгрияның «Ференцварош» командасына есе жіберді.

Қостанайдағы алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталса, қарымта матчта мажарлар аяған жоқ. Кездесу 5:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Енді «Тобыл» Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасымен кездеседі. Ал «Ференцварош» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында Словакияның «Слован» клубымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ Конференция лигасында екінші іріктеу сатысында еліміздің атынан елордалық «Астана», алматылық «Қайрат» және петропавлдық «Қызылжар» командалары ел намысын қорғайды.

«Ференцварош» (Будапешт, Венгрия) – «Тобыл» – 5:1 (жалпы есеп – 5:1)

Голдар: Адама Траоре 4, 17, Айсса Ляйдуни 21, Форчун Бэсси 74, 90+1 – Игорь Сергеев 27

Алаңнан қуылды: Серікжан Мужиков 81.

«Ференцварош»: Денеш Дибус (Қ) (К) – Элдар Чивич, Аднан Ковачевич (Матс Кнустер, 83), Сами Ммаэ, Хенри Уинго – Андерсон Эсити (Стьепан Лончар, 75), Айсса Ляйдуни, Кристофер Захариассен (Ксавье Мерсье, 83) – Адама Траоре, Токмак Нгуен (Карлос Ауски, 68), Франк Боли (Форчун Бэсси, 68);

«Тобыл»: Александр Мокин (Қ) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Багдат Қайыров – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген (К), Самат Жарынбетов (Серікжан Мужиков 68) – Рубен Бриджидо (Мильян Вукадинович, 75), Зоран Тошич (Айбар Жақсылықов, 78), Игорь Сергеев (Серж Дебле, 75);

Венгрия, Будапешт, «Ференцварош»

Басқа жаңалықтар

Back to top button