Футбол

«Тобылдың» Чемпиондар лигасындағы жорығы аяқталды

Қазақстандық клуб іріктеу кезеңінде Венгрияның «Ференцварош» клубына жол берді.

Қос команда елордада өткен алғашқы матчта тең түскен еді. Ал сырт алаңдағы қартымта мачта қостанайлық команда ойсырай ұтылды. Бірінші таймның өзінде алаң иелері 3 доп соғып, суырылып алға шықты.

«Тобыл» сапынан Игорь Сергеев қана мергендігімен көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ екінші таймда «Ференцварош» ойыншысы Форчун Бэсси дубльдің авторы атанып, қорытынды нәтижені 5:1-ге жеткізді.

Осылайша венгриялық клуб жарыс жолын одан әрі жалғастырады. «Тобыл» енді Конференциялар лигасында бағын сынайды. Кезекті қарсылас та белгілі. Қостанайлық клуб енді Гибралтар елінің «Линкольн Ред Импс» командасымен жолығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button