Теннис

Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалында жеңілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисші осыған дейін бес рет ATP додаларының финалында ойнап, тек соның біреуінде ғана, биыл Монпельеде чемпион атанған еді. Бұл жолы финалда әлемнің 41-ракеткасы, америкалық Максим Крессимен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партия барысында қос брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдық көрсетті – 6:2.

Екінші сетте де 3:0 есебімен алға кеткенімен, қатарынан алты геймді беріп қойды – 3:6. Үшінші, шешуші партияда матч тағдыры тай-брейкте шешіліп, американдық жеңіске жетті – 7:6 (7:3).

Басқа жаңалықтар

Back to top button