Хоккей

«Барыс» Джереми Браккомен келісімшарт жасасты

«Барыс» хоккей клубы Джереми Браккомен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде хабарлайды.

Американдық шабуылшымен біржақты келісім бір маусымға арналған (2023 жылдың 30 сәуіріне дейін), деп хабарлады barys_official.

Шабуылшы мансабындағы барлық уақытын Солтүстік Америкада өткізген. АҚШ жасөспірімдер және жастар құрамаларының құрамында Джереми әлем чемпионы атанды. 2015 жылы ол «Торонтоға» өтті. 2017/18 жылдардағы маусымда Бракко «Торонто Марлис» сапында Колдер rубогын жеңіп алды. Жалпы АХЛ-дағы 169 матчта ол 145 (32+113) ұпай жинады.

Өткен маусымда хоккейші немістің «Крефельд Пингвин» командасында ойнады. Германия чемпионатындағы 54 матчта Джереми өз активіне 54 (14+40) ұпай жазып, өз командасының үздік ассистенті және шабуылшысы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button