Басты

WBA: Головкинге міндетті қарсылас белгіленді

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) жаңа қарсылас табылды.

GGG WBA белбеуінің иесі Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) кездесуге міндеттелді. Мұндай шешімді Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBA) қабылдады.

Badlefthook.com мәліметінше, Головкин бұл кездесуді мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде өткізуі керек.

Еске салайық, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған және екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді: «Канелоның» барлық атағы сарапқа салынады, ал Головкин үшін бұл оның жаңа салмақтағы дебюті болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button