Теннис

Қазақстандық паратеннисші Таиландта жүлдеге ілікті

Пара үстел теннисінен ашық турнирде Талғат Эрекеев қола жүлдеге ие болды.

Таиланда өткен турнирде қазақстандық спортшы аралас жұптық сайыста жапон Ямазаки Таманомен  бірігіп өнер көрсетті. XD20 класында спортшылар Таиланд командасын 3:0 есебімен ұтып, жартылай финалда Тайбэй командасына 0:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, ашық турнир Паттайя қаласында 18-21 шілде аралығында өтті. Жарысқа 18 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұл байрақты бәсеке  2024 жылғы Паралимпиада ойындарының рейтингтік турнирі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button