Күрес

Грек-рим күресі: Қазақстан қоржынына әлем чемпионатының екінші медалі түсті

60 келіге дейінгі санатта Юсуф Ашрапов үздік үштіктің қатарына енді

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Италияда 17 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші медальге ие болды.

60 келіге дейінгі санатта Юсуф Ашрапов үздік үштіктің қатарына енді. Қола жүлде үшін таласта ол ирандық балуан Абольфази Миршакардан 11:10 есебімен басым түсті.

Бұл еліміздің осы әлем чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Арсен Жұма да қола жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button