Таеквондо

Таеквондо: Ярина Пуганцова әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі

Жарыстың алғашқы күнінде 29 кг салмақта өнер көрсеткен Ярина Пуганцова командамызға алғашқы медальді салды.

Қазақстандық таеквондошы Ярина Пуганцова таеквондодан кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Жарыстың алғашқы күнінде 29 кг салмақта өнер көрсеткен Ярина Пуганцова командамызға алғашқы медальді салды.

Финалға дейін жерлесіміз үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткенімен, алтын үшін таласта ол ирандық Баран Ливани Джамалға есе жіберді. Осылайша жекпе-жек нәтижесі қарсыластың пайдасына шешілді. Ал Пуганцова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Айта кетейік, Софиядағы (Болгария) әлем чемпионатында 77 елдің спортшылары бақ сынауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button