Таеквондо

Әлем чемпионаты: қазақстандық таеквондошылар тағы екі қола медаль иеленді

Кадеттер арасындағы әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде қазақстандық таеквондошылар екі қола медаль еншіледі, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

49 кг салмақта Достан Нәжімханов жартылай финалда ирандық Мохаммед мехди С. есімді спортшыға жол берді. Нәтижесінде ирандық әлем чемпионы атанды.

Сонымен қатар 61 кг өкілі Артур Пак үздік үштіктің қатарына енді. Артур финал жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте ирандық Р. Зейналиден айласын асыра алмады.

Осылайша қазақстандық таеквондошылар Софиядағы біріншілікте бір күміс және үш қола медаль еншіледі.

Бұған дейін Ярина Пуганцова мен Нұрперзент Саматұлы жүлдегерлер қатарынан табылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button