Футбол

«Астана» клубының басшылығында кадрлық өзгерістер болды

Бүгін "Астана" клубының басшылығында жаңа өзгерістер болды. "Ракувтан" жеңілген соң, өз еркімен қызметінен кеткен атқарушы директор Санжар Сейітқазиновтың орнына Арслан Беспаев келді.

ұған дейін ол «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшелерінде, Алматы қаласының қаржы басқармасында және Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде білім алған.

Сонымен қатар «әруақ» деген ұранымен жанкүйерлерге жақсы таныс Асқар Әбілдаев «Астана» клубы бас директорының спорт қызметі жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Асқар Зубайдуллаұлы бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында бұқаралық футбол департаментінің директоры және «Шахтер» мен «Каспий» футбол клубтарының атқарушы директоры, Қазақстан футзал қауымдастығының президенті, ҚФФ футзал департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button