Шетел жаңалықтары

«Челсиге» жаңа бапкер тағайындалды

Ағылшын Грэм Поттер Лондонның «Челси» клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Бұл туралы клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып qazaqsporty.kz хабарлайды. Британдық бұған дейін «Брайтонда» жұмыс істеген. Қазір бұл команда ағылшын премьер-лигасының кестесінде алты ойыннан соң төртінші орында келеді.

Маманмен келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған.

«Челсиді» осыған дейін баптаған 49 жастағы неміс Томас Тухель Загребтің «Динамосынан» (0:1) ұтылған соң жұмыстан кеткен болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button