Басты

Елордаға Энди Маррей келеді

Маррей жарысты ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған.

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы ұлыбританиялық Энди Маррей Astana Open ATP 500 жарысында ойнайды.

Энди – үш бірдей «Үлкен дулыға» додасында (Wimbledon – 2013, 2016, US Open-2012) үздік шығып, теннис тарихында ерлер арасында жекелей сында екі мәрте Олимпиада чемпионы атанған жалғыз спортшы.

Осылайша, 1-9 қазан аралығында елордадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында өтетін айтулы додада Э.Маррейден бөлек «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпиондары: Даниил Медведев (US Open-2021), Марин Чилич (US Open-2014) және Стэн Вавринка (Australian Open-2014, Roland Garros-2015, US Open-2016) бақ сынайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button