Басты

Скатов «Уимблдонның» жартылай финалисін жеңді

Испанияның Севилья қаласында өтіп жақан «Челленджер» турнирінің ширек финалында қазақстандық жеңіске жетті.

Жерлесіміз бұл кезеңде польшалық Ежи Яновичтен 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. Поляк бір кездері әлемнің 47-ракеткасы болған, «Уимблдон-2013» аламанының жартылай финалисі. Ол кезде Энди Маррейден ұтылған. Одан қалды Польша құрамасының сапында Хопман кубогының иегері (2015) атағы тағы бар.

Жартылай финалда Тимофей турнирдің бірінші ракеткасы испаниялық Бернабе Сапата Миральеспен (79 АТР) кездеседі.

Бұған дейін Скатов ширек финалға шыққаннын хабарлағанбыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button