Футзал

«Қайрат» футзалшылары Қазақстан кубогында елордалықтарды жеңді

"Қайрат" футзалдан Қазақстан Кубогының топтық кезеңінде үшінші матчта жеңіске жетті.

А тобында өнер көрсетіп жатқан алматылықтар «Астанамен» кездесіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Мұның алдында «Қайрат» турнир аясында Ақтауда жергілікті «Каспийді» 9:0, «Рахмет» клубын 6:1 есебімен тас-талқан еткен. Кака командасы жартылай финалға мерзімінен бұрын шықты.

Осы трофейдің қазіргі иелері де осы алматылықтар.

B тобында «Ақтөбе», «Атырау», «Аят» және «Бәйтерек» клубтары бар. Екі квартеттің матчтары да Ақтауда өтіп жатыр. Турнир бүгін, 10 маусымда, аяқталады.

Әр топтан екі үздік клуб Кубоктың финалдық бөлігіне шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button