Шетел жаңалықтары

US Open: финалға шыққан испаниялық ерекше көрсеткішке қол жеткізді

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас ерлер арасында жекелей сында US Open турнирінің финалына шықты.

Жартылай финалда 19 жастағы испаниялық американдық Фрэнсис Тиафоны 6:7, 6:3, 6:1, 6:7, 6:3 есебімен жеңді.

Енді финалда Алькарас норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі. Матч 12 қыркүйекке қараған түні өтеді.

Әлемнің төртінші ракеткасы 2019 жылдан бері АҚШ Ашық біріншілігінің финалына шыққан алғашқы испаниялық теннисші атанып отыр. Одан қалды аталған турнидің соңғы 32 жылдағы ең жас қатысушысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button