Басты

Ига Швентек US Open-2022-де топ жарды

Финал екі сетке созылды.

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек US Open-2022 турнирінің жеңімпазы атанды.

21 жастағы польшалық теннисшінің қарсыласы әлемнің бесінші ракеткасы тунистік Онс Жабер болатын. Бір сағат 50 минутқа жалғасқан финал Швентектің жеңісімен аяқталды — 6:2, 7:6(5).

Швентек жекелей кездесулердегі жеңіс бойынша да алға шығып отыр — 3:2. Осымен ол «Үлкен дулығада» үшінші рет жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол «Ролан Гаррос» (2020, 2022) турнирінде екі рет топ жарған.

28 жастағы Жабер екінші рет «Үлкен дулығаның» финалына жетіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button