Теннис

Алматыда үстел теннисінен WTT Contender беделді турнирі басталды

Оған әлемнің 28 елінен 140 атлет қатысуда.

Бүгін, 13 қыркүйекте, Алматыда үстел теннисінен WTТ Contender ірі халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Оған әлемнің 28 елінен 140 атлет қатысуда. Қазақстан алғаш рет жүлде қоры 75 мың долларды құрайтын Contender сериясының әлемдік деңгейдегі турнирін өткізуде.

Турнирді KAZSPORT телеарнасы мен ITTF халықаралық федерациясының ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button