Шетел жаңалықтары

Холандтың «Манчестер Ситидегі» айлығы белгілі болды

Ол бұл көрсеткіш бойынша Кевин Де Брюйнеден кейінгі екінші орынға жайғасқан.

«Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд клубтағы ең жоғары айлық алатын ойыншылардың тізімінде екінші орында келеді.

22 жастағы форвард аптасына 433 мың еуро немесе жылына 22,5 млн еуро алады.

«Ситиде» Холандтың алдын тек шабуыл шебіндегі жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне орап тұр. 2021 жылдың сәуірінде жасалған келісімшарт бойынша, Бельгия құрамасының ойыншысы аптасына 462 мың доллар жалақы алады.

«Манчестер Сити» сапындағы сегіз матчта норвегиялық футболшы 12 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Екеуара келісім бес жылға есептелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button