Теннис

Қазақстанның Дэвис кубогындағы жорығы: құрамаға жанкүйер болайық

Бүгін Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогының топтық бәсекесі басталып, Қазақстан құрамасы Нидерландпен кездеседі.

D тобында аталған екі командамен қатар АҚШ және Ұлыбритания құрамалары бар. Плей-офф кезеңіне үздік екі команда жолдама алады.

ҚТФ мәліметінше, Қазақстан – Нидерланд матчында алғашқы болып командалардың екінші ракеткалары Михаил Кукушкин (221 АТР) мен Таллон Грикспур (48 АТР) кортқа шығады. Бұл екеуі бұрын өзара ойнамаған.

Содан кейін қос құраманың үздіктері Александр Бублик (44 АТР) пен Ботик ван де Зандсхулпқа (35 АТР) кезек келеді. Олар да бір-бірімен кортта кездеспеген.

Үшінші ойында, өзгеріс болмаса, Андрей Голубев – Александр Недовесов жұбы Матве Мидделкоп – Уэсли Колхофпен шеберлік байқасуы керек.

Матч елорда уақытымен сағат 21:00-де басталады. Алғашқы екі кездесуді Qazsport телеарнасының сайтынан көруге болады. Үшіншісі тікелей эфирден көрсетіледі.

Руслан Тәуірше (Астана)

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button