Басты

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының финалында күреседі

Белградтағы аламанда ол 72 келі салмақта алтынға таласады.

Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова күрес түрлерінен әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.

Бұл туралы ҚР ҰОК мәлімдеді. Белградтағы аламанда ол 72 келі салмақта алтынға таласады.

Жартылай финалда Бақбергенова Александра Анхелді (Румыния) оп-оңай жеңген болатын.

Енді шешуші айқаста жерлесіміз американдық Амит Элормен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button