Басқа спорт түрлері

Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты

Ол жекелей сында көпсайыста медаль үшін күреседі.

Қазақстандық Эльжана Таниева Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.Ол жеке көпсайыста медаль үшін күреседі. Біліктілік қорытындысы бойынша Таниева аралық 14-орынды иеленді.

Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңін 24-ші орында аяқтады. Өкінішке орай, ол финалға шығатын 18 финалисттер қатарынан көріне алмады.

Шешуші ойындар ертең, 17 қыркүйекте өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button