Басты

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының финалында жеңілді

Фналда Жәмилә Бақбергенова американдық Амит Эйлормен кездесті.

Қазақстан әйелдер күресі бойынша Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Жәмилә Бақбергенова американдық Амит Эйлормен кездесіп, қарсыласына жол берді.

Амит техникалық артықшылық есебінен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Бақбергенова екінші рет әлем чемпионатында күмісті олжалады. Өткен жылы да ол екінші орыннан көрінген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button