шахмат

Әлем чемпионаты: шахматшыларымыз үш медаль жеңіп алды

Байрақты бәсекеге 72 елден 630 шахматшы қатысты.

Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды.

Румынияның Мамая қаласында U14, U16, U18 жас санатындағы ұлдар мен қыздар арасындағы классикалық шахматтан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Байрақты бәсекеге 72 елден 630 шахматшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша U14 категориясында Зарина Нұрғалиева алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанды. Нөгербек Қазыбек U18 жас санатында күміс жүлдеге ие болса, Аңсат Алдияр 14 жасқа дейінгілер арасында қола жүлдеге қол созды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button