Басты

Дәулет Шабанбайға Олимпиаданың қола жүлдесі табысталды

Еркін күрес шебері Дәулет Шабанбай Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Дәулет Шабанбайға Лондон олимпиадасының медалі табысталды.

2012 жылғы ойындардың чемпионы өзбекстандық Артур Таймазовтың сынамасынан допинг анықталған. Осыған байланысты Халықаралық олимпиада комитеті жүлделерді қайта үлестірді.

Алтын финалда өзбектен ирандық Комейл Гасемиге берілсе, күмісті ресейлік Билял Махов алды. Қос қоланы жерлесіміз бен американдық Тервел Длагнев еншіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button