Теннис

Теннис: қазақстандық жасөспірімдер Азия чемпионатында топ жарды

Елордада 12 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия командалық біріншілігі мәресіне жетті.

Қазақстандық ұлдар (капитаны Сергей Квак) финалда Таиланд құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Чемпиондық мәселе соңғы, жұптық бәсекеде шешілді. Роберт Каминский мен Гиорги Брегвадзе Дарма Антаратон – Три Срисеннен басым түсті – 7:5, 6:3.

Осылайша, қазақстандық ұлдар өз тарихында алғаш рет чемпиондық тұғырға көтерілді. Қыздар құрамасы финалда Таиланд құрамасына жол берді – 0:3.

Осыған дейін қазақстандық қыздар 2019 және 2021 жылдары чемпион атанса, ұлдар 2019 жылы қола, өткен жылы күміс жүлдеге ие болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button