Басты

40 жастағы Геннадий Головкин кәсіпқой бокстан әзірге кетпейді

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин кәсіпқой бокстан кетпейтінін мәлімдеді.

Екінші орта салмақта (76,2 келіге дейін) мексикалық  Сауль Альварестен жеңіліп, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) (Super), Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC), Халықаралық бокс федерациясы (IBF) және Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) белбеулеріне қол жеткізе алмаған отандасымыз мансабын аяқтамайтынын айтты.Әрине, менің үлкен жоспарларым бар. Көздеп жүрген қарсыластарым көп. «Канелоны»құттықтаймын және бүкіл бокс жанкүйерлерін құттықтаймын. Жігіттер, естеріңде болсын, менің орта салмақта үш белбеуім бар. Мені әлі ораламын.

«Әрине, менің үлкен жоспарларым бар. Көздеп жүрген қарсыластарым көп. «Канелоны»құттықтаймын және бүкіл бокс жанкүйерлерін құттықтаймын. Жігіттер, естеріңде болсын, менің орта салмақта үш белбеуім бар. Мені әлі ораламын»,- деді Головкин.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button