Шетел жаңалықтары

«Манчестер Юнайтед» ойыншылары жаппай уланып қалды

«Манчестер Юнайтед» ойыншылары мен қызметкерлері Молдавияда Еуропа лигасы аясында өткен матчтан соң астан уланып қалған.

The Sun мәліметінше, оннан астам адам өзін жайсыз сезініп тұрғаны жайлы шағымданған, деп хабарлайды «Қазақ спорты»

Команда Кишиневте «Шерифті» 2:0 есебімен ұтып, Англияға жеке ұшақта оралған.

«Делегация өкілдері жұма күні өздерін жайсыз сезіне бастады. 12 адам денсаулығыны шағымданды. Қазір клуб олардың қай жерде уланғанын анықтап жатыр: Кишиневте ме, ұшақта ма», – делінген басылымда.

Кейбір ойыншылар жаттығу жұмыстарына қатыса алмаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button