БастыСу спорты

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин спортпен қош айтысты

Жүзуден 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин спорттық карьерасын аяқтады.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 27 жастағы спортшы алдағы уақытта бапкерлікпен айналысуы мүмкін.

Жақында Баландин шаңырақ көтерген болатын.

Еске салсақ, Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанды: ол 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, спортшы – Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. Ал оның сүйіктісі Кристина Тыныбаева бұған дейін мәнерлеп жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасында болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button