Шетел жаңалықтары

Пакьяо 2023 жылдың ақпанында шаршы алаңға оралмақ

Айқас сегіз раундқа созылмақ.

Сегіз салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (62-8) француз боксшысы Джабер Заянимен (18-0) жекпе-жек өткізу туралы келісімге келді, деп жазады qazaqsporty.kz.

Manila Times мәліметінше, келісімшарт қыркүйектің ортасында Пакьяоның Филиппинің Макати қаласындағы үйінде жасалған.

Регламент бойынша, айқас сегіз раундқа созылмақ. Жұдырықтасу кешу келесі жылдың ақпан айында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы Фахда король атындағы стадионда өтеді.

Пакьяо бокстағы карьерасын 2021 жылы аяқтап, ел президенті лауазымына үміткер болатындығын хабарлаған. Бірақ сайлауда жеңіліс тапты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button