Шетел жаңалықтары

17 жастағы американдық UFC-дегі ең жас спортшы атануы мүмкін

Рауль отандасы Мандо Гуттьересті төрешілер шешімімен жеңді.

17 жастағы американдық спортшы кіші Рауль Росас Дана Уайттың үміткерлер сериясында (UFC сапына алыну үшін іріктеу айқастары) жеңіске жетті, деп жазады qazaqsporty.kz. Енді ол промоушеннің ең жас файтері атануы мүмкін.

Рауль отандасы Мандо Гуттьересті төрешілер шешімімен жеңді.

БАҚ өкілдері оның UFC қатарына қосылатынына 99 пайыз кепілдік беріп отыр.

«Вестник MMA» мәліметінше, кіші Росас күресті жақсы сезінеді, түрлі тәсілдерді де біледі. Үш раунд бойы тынысы да тарылмайды. Әзірге соққылары ауыр болмаса да, қарсыласын абдырататын соққылар жасай алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button